Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың қатысуымен Қазақстан – Әзербайжан университеттері ректорларының II форумы өтті.

                                      

Форумға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы қатысып, оқу орнының ғылыми әлеуеті, халықаралық байланыстары және стратегиялық даму бағыттары туралы баяндама жасады.

                                          

Аталған форум аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Ленкорань мемлекеттік университетімен және Баку мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

                                          

Келісімдер университеттер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, академиялық бағдарламаларды жетілдіруге, халықаралық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ педагог кадрларды даярлау саласында тәжірибе алмасу мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.