Жалпыұлттық коалицияның аудандық бөлімшелеріне жетекшілік еткен QyzPU 4-курс студенті Аманкелдиева Аружан Райымханқызы мен 3-курс студенті Сман Аяулым Қанатқызына және қалалық штабтың медиа бөлімінде жұмыс атқарған 2-курс студенті Тінейбай Мереке Бекжанқызы референдум аясында науқанға белсене қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің тағы 26 студенті Жалпыұлттық референдум жұмыстарында белсенділік танытқаы үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтан алғыс хат алды.

Марапаттау рәсімінде азаматтардың ҚР жаңа Конституциясының жобасын сапалы әзірлеуге, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан айрықша үлесі атап өтілді.