Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова Әзірбайжандағы Ленкоран мемлекеттік университетінің ректоры Натиг Ибрагимовпен кездесті.

Кездесудің мақсаты – академиялық ұтқырлық пен бірлескен ғылыми жобалар бағытындағы екіжақты серіктестікті нығайту.

Кездесу барысында тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағыттарын талқылады.

Ресми іс-шара аясында Ленкоран мемлекеттік университетінің ректоры Натиг Ибрагимов университет белсенділерімен арнайы кездесіп, білім және ғылым саласындағы заманауи трендтер мен халықаралық мүмкіндіктер төңірегінде ой бөлісті.

Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Lankaran State University арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Әзербайжан университеттері ректорларының II форумы аясында бастау алып, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.

