Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Түркияның Sinop University (Синоп университеті) делегациясымен ресми кездесу өтті.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған басқосуға Синоп университетінің ректоры, профессор Шакир Ташдемир және проректоры Йылмаз Мухитдин арнайы қатысты. Мәртебелі меймандарды Қыздар университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы қабылдап, екіжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыды.

Аталған келісім аясында тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жандандыру, халықаралық деңгейдегі бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және заманауи талаптарға сай білім беру бағдарламаларын бірлесе жетілдіру мәселелерін кеңінен талқылады.


.jpeg)
