Астанада «Creativity A» халықаралық және республикалық конкурстарды ұйымдастыру орталығының бастауымен өткен «ШАБЫТ» республикалық көпжанрлы өнер байқауында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті жүлделі орынға ие болды.

Байқаудың мақсаты – дарынды жастардың шығармашылық өсуіне жағдай жасау, мәдениетаралық байланысты дамыту және өнер саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау.

                                        

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және арт-менеджмент кафедрасының «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Асқар Аружан қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, І орын дипломымен марапатталды.

Өнерпаздың жетекшісі, PhD доктор Жалғасбаева Қанағат Баймуратовнаға білікті маман даярлаудағы қосқан үлесі үшін құрмет көрсетіліп, марапаттар аясында арнайы алғыс хат табысталды.