Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің өкілдерімен білім мен ғылым саласындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар ресми кездесулер өткізді.
Кездесудің мақсаты – академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру.
Университет Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық институты, Философия, мәдениет теориясы мен тарихы кафедрасының ұжымымен арнайы кездесіп, жоғары оқу орындар арасындағы кәсіби байланысты нығайту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар қонақтар тарапынан университеттің Кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Качкынова Аида Турдубековна, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Апсаматова Элвира Джумабековна, сондай-ақ аға оқытушылар Байбосунова Гулзат Усонбековна мен Урумкулова Назгуль Темирбековна QyzPU - дың Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты оқытушы-профессорларымен ресми кездесу барысында бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру және халықаралық деңгейде Орталық Азия ғылымының беделін арттыру мәселелерін қарастырды.
Келіссөздер нәтижесінде ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарт жасасу және нақты іс-қимылдарды қамтитын жолдарды қарастыру туралы шешім қабылданды.
