Түркістанда Қазақстан КВН Одағының «Жайдарман» Ұлттық лиганың 1/8 финалдық сайысының нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Көршінің қызы» командасы ширек финалға жолдама алды.

Команда құрамы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және Арт-менеджмент кафедрасының Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған. Өнерпаздардың додаға қатысуына Университет Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы қолдау көрсетті.

«Көршінің қызы» командасын ретінде магистр, аға оқытушы Жамиля Дүйсенбай дайындаған болатын.
