Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен
Өскеменде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен «Digital-педагог: интеллект, технологиялар, білім беру» XVII республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі орын алды.
Олимпиада мақсаты – білім алушылардың кәсіби әлеуетін анықтау және олардың педагогикалық, цифрлық және коммуникативтік құзыреттерін дамыту.
Университет атынан Педагогика және психология факультеті, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының 2 курс студенттері қатысып, II орынға ие болды:
- Шариятхан Дариға Қайсарқызы;
- Талғат Аяужан Талғатқызы;
- Осербаева Жұлдыз Бақытжанқызы;
- Төлгенова Сымбат Мұратқызы.
Жарысқа «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша Қазақстанның 21 университеті өзара сайысқа түсті.
Жеңіске жеткен студенттерге п.ғ.м., оқытушы Нарбекова Маржан Ерғабылқызы жетекшілік етті.
