Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы бастаған делегация Бейжің қаласында өтіп жатқан 31-ші Халықаралық білім беру көрмесіне қатысуда.

Сапардың алғашқы күні делегация Бейжің тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэн мырзамен  кездесіп, тараптар білім, ғылым және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын кеңейту жолдарын талқылады.

                                      

Кездесудің мақсаты – «2+2» қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру, академиялық алмасуды дамыту және қытай мен әлем мәдениеті саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру арқылы тараптар арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту.

                                     

Келіссөздер барысында Beijing Language and Culture University қытай тілі, лингвистика және қытай әдебиетін зерттеу саласындағы әлемдегі жетекші әрі ірі орталықтардың бірі екені, сондай-ақ халықаралық студенттер саны бойынша ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие екені атап өтілді.

Айта кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан халықаралық шара –   Қытайдағы және Азия аймағындағы ең ірі әрі беделді білім беру көрмесі.