Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы        Айтқұлов Жалау Сағымбайұлы «Ақпараттық жүйелерді жобалауда UML негізіндегі визуалды модельдеудің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ақпараттық жүйелерді жобалау үдерісінде UML (Біріздендірілген модельдеу тілі) құралдарын тиімді қолданудың теориялық негіздерін талдау және практикалық тәжірибелерді жүйелеу.

                                      

Ғылыми семинарда «бағдарлама жазудан бұрын, оның жұмыс істеу логикасын арнайы сызбалар (UML) арқылы қалай дұрыс жоспарлау керек?» деген сұрақ жан-жақты талданды. Бұл өз кезегінде бағдарламашылар мен мамандарға жұмысты жүйелі атқаруға көмектеседі.

                                      

Шараға профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Қатысушылар ақпараттық жүйелерді жобалауда визуалды модельдеудің өзекті мәселелері мен даму бағыттарын талқылап, тәжірибелік ұсыныстарымен және пікірлерімен бөлісті.