Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Нұржанова Гулмира Исатайқызының ұйымдастыруымен «Кітапханаларда жасанды интеллект технологияларын енгізу: орындаудан тәжірибеге дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кітапханалық-ақпараттық қызметте жасанды интеллект технологияларын қолданудың ғылыми-тәжірибе негіздерін кешенді талқылау. Дөңгелек үстел аясында цифрлық кітапхана жүйелерін дамыту, интеллектуалды іздеу механизмдері, автоматтандырылған каталогтау, Big Data технологияларын пайдалану және пайдаланушыларға жекелендірілген қызмет көрсету мәселелері ғылыми тұрғыда талқыланды.

                                      

Аталған іс-шарада Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың бас кітапханашысы, ғылым магистрі Несіпбай Аяулым Ерғалиқызы «Ғылыми жариялау ісінде жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері, шектеулер және этика» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми жарияланымдарда ЖИ қолданудың артықшылықтары мен тәуекелдері, сондай-ақ академиялық адалдық мәселелері бойынша талдамалық шолу ұсынды.

                                      

Дөңгелек үстел жұмысына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, университеттің ғылыми кітапхана мамандары, ғылыми қызметкерлер, IT-сала өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты.