QyzPU-дың №5 жатақханасында Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы және Есенаманқызы Назеркенің ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жауапты шешім – сенімді болашақ» психологиялық тренингі өтті.

Тренингтің мақсаты – практикалық жаттығулар мен ашық талқылаулар арқылы қабылданған шешімдердің өмір сапасы мен болашаққа әсерін талдау

 Тренинг барысында зиянды әдеттердің алдын алу, қауіпті жағдайларда дұрыс таңдау жасау, жеке жауапкершілік пен өмірлік құндылықтарды нығайту мәселелері қарастырылды.

Айта кетейік, іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» бағыты аясында жүзеге асырылуда.