Филология институтының «Тұмар» театры студенттік өмірге арналған «410» комедиялық мюзиклін сахнаға шығарды.
Мақсаты – жатақханадағы күнделікті тіршілікті, студенттердің өзара қарым-қатынасын, достығы мен оқу кезіндегі маңызды сәттерін юморлық және музыкалық элементтер арқылы бейнелеу.
Спектакль желісінде университет жастарының өмірі, олардың мақсат-армандыры мен қызықты оқиғалары ән мен әзілдің үйлесімінде көрсетілген. Қойылым жатақхана ортасындағы түрлі жағдайларды және студенттік кезеңнің ерекшеліктерін сипаттайды.
Аталған іс-шара 4-курс түлектеріне арналған қорытынды кеш ретінде ұйымдастырылды.
