Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Тарих ғылымындағы жасанды интеллект: ғылыми зерттеу мен академиялық адалдық арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында ғылыми дебат өтті. Шараны Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Тарих» білім беру бағдарламасы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – тарих ғылымында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін зерделеу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру және пікір алмасу алаңын құру.

Дебат барысында қаралған негізгі бағыттар:
- Тарихи деректерді талдауда цифрлық технологияларды пайдалану;
- Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект және плагиат мәселесі;
- Технологиялардың тарих ғылымының дамуына ықпалы;
- Академиялық адалдық пен жаңа технологиялар арасындағы тепе-теңдік.

Жиын барысында қатысушылар өзекті ғылыми мәселелерді талқылау, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу және қоғам назарын академиялық этика мәселелеріне аудару туралы жан-жақты пікір алмасты.

Пікірталасқа университеттің 3-4 курс студенттері мен оқытушылар құрамы қатысып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
