«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Оқу-ағарту саласының үздік педагогі» атты республикалық байқауында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Мадина Мұхтарқызы Көпжасар жеңіске жетті.

Іс-шараның мақсаты – ұстаз мәртебесін көтеру, білім беру жүйесіндегі педагогтер арасында өзара байланыс орнату және оқытушылардың инновациялық идеяларын қолдау арқылы үздіктерді анықтау.

Байқау шартына сәйкес, Мадина Мұхтарқызы «Педагог мәртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында эссе жазып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ оқытушыға «Оқу-ағарту саласының үздік педагогі» төсбелгісі мен куәлігі және «Білім беру саласының үздік педагогі» статуэткасы табысталды.

Жеңімпаз педагогке кәсіби қолдау көрсеткені үшін Гаухар Умиралиевна Байташеваға арнайы алғыс хат берілді.