Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында «SMART CUP» зияткерлік сайысы өтті.

 Аталған іс-шараның мақсаты – студенттердің зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ университет студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Зияткерлік сайысқа Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, үздіктер жүлделі орынмен марапатталды:

  • І орын: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Bilanx» командасы;
  • ІІ орын: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «ZERDE» командасы;
  • ІІІ орын: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Alem Start’s» командасы.

 Айта кетейік, бұл дода сондай-ақ белсенді командалар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, номинация алды:

Топтық үйлесім номинациясы ⁠Алматы технологиялық университеті Sky Bound командасы;

Сана симфониясы номинациясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ибраһим және оның балалары командасы;

Brain Vector номинациясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Genius командасы; Эрудит адам номинациясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Қалдарбек Ибраһим.  «SMART CUP» тек білімді тексеру ғана емес, жас зерттеушілер мен болашақ мамандардың басын қосқан стратегиялық серіктестік алаңы болды.