Ғылым айына орай университетте өткізіліп жатқан «Ғылым декадасы – 2026» аясында  География кафедрасының ұйымдастыруымен  «География: білім берудің заманауи парадигмалары»  ғылыми-әдістемелік семинары болды.

Семинардың мақсаты – географиялық білім беру жүйесіндегі заманауи бағыттарды талқылау, оқыту үдерісінде инновациялық және цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін қарастыру.

Семинар барысында университет ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың тақырыптарда баяндама жасады:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің География және экология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. PhD Исаков Ерлан Дуйсенбекович «Scopus журналдарына ғылыми мақала жазу және жариялаудың өзіндік тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми жарияланым дайындаудың маңызды қырларымен бөлісті.

 География кафедрасының профессор м.а., п.ғ.к. Мамирова Кулаш Нурбергеновна «Заманауи мектептегі география сабақтарындағы оқыту технологиялары» тақырыбында заманауи педагогикалық тәсілдер мен оқыту технологияларын тиімді қолдану жолдарын ұсынды.

География кафедрасының аға оқытушысы Зиявдинова Асыл Кадырхановна «Білім берудегі жасанды интеллект: заманауи трендтер, құралдар және жүйелі талдау» тақырыбында жасанды интеллект мүмкіндіктері мен оның білім беру үдерісіндегі рөліне жан-жақты тоқталды.

Семинар барысында қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізіліп, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.