Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы Алматыда Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.

                          

«Satbayev International Conference 2026: Климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайтуға арналған технологиялар мен инновациялар» конференциясы аясында өткен шара академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.

                                       

Ауқымды жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қ.И.Сәтбаев атындағы қордың төрағасы Алтынбек Нухұлы сөз сөйлеп, отандық ғылымның мемлекет дамуындағы айрықша орнын атап өтті.

                                     

QyzPU ректоры қонақтармен бірге отандық ғалымдардың ғылыми-инновациялық жетістіктерімен танысып, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ докторанттарына диплом табыстау рәсіміне қатысты.