«Ғылым декадасы – 2026» аясында Физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылыми зерттеу деректерін талдау: SPSS және MAXQDA бағдарламаларын практикалық қолдану» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – зерттеушілерге SPSS бағдарламасы арқылы сандық мәліметтерді статистикалық өңдеуді және MAXQDA құралы көмегімен сапалық деректерді (мәтін, сұхбат, бақылау нәтижелері) терең талдау әдістерін үйрету.
Спикерлер ретінде «Физика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Аяулым Кеңесқанова мен Сатирам Рыбыкова баяндама жасады. Ғылыми шараға физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Нұрбике Заурбекова жетекшілік етті.
Семинар барысында деректерді дұрыс әрі жүйелі талдау сенімді ғылыми нәтижеге қол жеткізудің басты шарты екені айтылып, SPSS және MAXQDA бағдарламаларын пайдалану зерттеу сапасын арттырумен қатар, нәтижелердің дәлдігі мен ғылыми негізділігін күшейтетіні жайында жан-жақты ақпарат берілді.
Қатысушылар ғылымның тек теория емес, нақты деректер мен дәлелдерге негізделген талдаудан тұратынын атап өтіп, практикалық дағдыларды жетілдіру бойынша өзара тәжірибе алмасты.
