Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым декадасы – 2026» шеңберінде Физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Физикалық жекпе-жек» зияткерлік командалық сайысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кванттық механика заңдылықтары бойынша білімдерін тереңдету және зияткерлік жарыс арқылы жас зерттеушілердің жүйелі талдау жасау дағдыларын дамыту.

Үш кезеңнен тұрған сайыс барысында қатысушылар теориялық викториналардан өтіп, күрделі физикалық есептерді шешті. Бұл формат студенттердің академиялық білім деңгейін саралап қана қоймай, теориялық негіздерді тәжірибеде дәл әрі жүйелі қолдана білу қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді. Жарыс қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен қатысушылар келесі номинациялармен марапатталды:

  • «Жылдың нақты, ұтымды шешімі!»;
  • «Теориялық физикадан терең білім! Жылдың физикадан үздік инсайты!»;
  • «Кванттық механиканы терең меңгеріп, кванттық серпіліске қол жеткізді!».

Студенттердің шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған бұл шара Тұрақты дамудың 4-мақсаты (Сапалы білім) аясындағы міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосады.