Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және арт-менеджмент кафедрасы ұйымдастыруымен «Хореография» білім беру бағдарламасының 4 курс (4 жылдық), 3 курс (3 жылдық) және «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 4 курс (4 жылдық) студенттерінің практика есебінің қорытынды конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің өндірістік және дипломалды практика кезінде алған кәсіби дағдыларын саралау, болашақ мамандардың шығармашылық әлеуеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін жан-жақты айқындау.

Практика төрт негізгі база аясында жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
- Наурызбай ауданы «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» КМҚК,
- Алатау ауданы «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» КМҚК,
- Білім басқармасы «№7 Оқушылар үйі»
- Білім басқармасы «№9 Оқушылар үйі» МКҚК.
Конференцияға практика базаларынан әдіскерлер мен жетекшілер сонымен қатар, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры Сапаров Бахытжан Жолдыбайұлы, кафедра көшбасшысы Кусанова Анипа Ерланқызы және кафедра оқытушылары да шараға белсенді қатысып, студенттердің жұмыстарын жан-жақты бағалады.

Қорытынды конференция барысында оқытушылар студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен тиімді ұштастыра алғаны, кәсіби дағдыларының қалыптасқаны және болашақ маман ретінде дайындығы жоғары деңгейде екендігі атап өтті.
Іс-шара соңында кафедра мен практика базалары арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында алғыс хаттар табысталып, үздік тәжірибе көрсеткен студенттер мен жетекшілер марапатталды.
