Душанбе қаласында өтіп жатқан «Тұрақты даму үшін серіктестік: Green. Digital. Smart» халықаралық форумы мен Ректорлар саммиті аясында Тәжікстан халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінде Наурыз мерекесі атап өтіліп, инновациялық жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара барысында қатысушылар өз мемлекеттері атынан ағаш отырғызды.

                                      

Игі шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Суатай Сәбит Құрманжанұлы қатысып, Қазақстандық жоғару оқу орындары ректорлармен бірге ағаш отырғызды.

20-дан астам елдің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдары, академиялық және ғылыми қауымдастық өкілдері, бизнес-сектор, жастар мен стартап өкілдері бас қосқан форум барысында тұрақты даму, жасыл экономика, цифрлық трансформация, академиялық алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және университетаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқылануда.