ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Тұран» университетінің базасында «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.

Аталған орталықты құру идеясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тікелей қолдауымен бастау алды. Салтанатты шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова, ғылым комитетінің өкілдері, академиктер мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Салтанатты шараның ашылуында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың маңыздылығын атап өтті.
.jpeg)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде ғылымды дамыту стратегиялық маңызды міндет екенін айтып: «Мемлекет басшысының ғылымға көрсетіп жатқан қолдауы ғалымдарға үлкен сенім мен серпіліс береді. Ғылым мен адами капитал – еліміздің негізгі құндылығы. Тұран өркениетінің маңыздылығын тарихи тұрғыдан дәріптеу және оны әлемге қайта таныту ғылымда жаңа деңгейге көтере алады. Бұл орталық жастар үшін қолжетімді білім мен жаңа ашылулардың ордасына айналатыны сөзсіз», – деді министр.
.jpeg)
Орталық тарихи мұраны, философиялық ой-толғамдарды және тілдік байланыстарды пәнаралық деңгейде кешенді зерттеумен айналысады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік ғалымдардың басын қосып, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Жиын соңы форумға ұласып, сарапшылар Тұран өркениетін әлемдік деңгейде дәріптеу арқылы Қазақстанның ғылыми имиджін нығайту мәселелерін талқылады.
