Душанбе қаласындағы «Тұрақты даму үшін серіктестік: Green. Digital. Smart» халықаралық форумы аясында QyzPU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Суатай Сәбит Құрманжанұлы Сотим Улугзаде атындағы Тәжікстан халықаралық шет тілдер университетімен екіжақты кездесу өткізді.

                                      

Ректорлар саммитімен ұштасқан бұл басқосуда тараптар білім беру мен халықаралық байланысты нығайту жайын сөз етті.

                                     

Кездесуде филология, аударма ісі, педагогика және мәдениетаралық коммуникация бағыттарындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

                                     

Кездесудің нәтижесінде бірлесіп білім беру бағдарламалар құрастыру мен ғылыми-әдістемелік жобаларды іске қосуды жан-жақты қарастырды. 

                                      

Бұл қадам екі университет арасындағы академиялық байланысты стратегиялық жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. 

                                      

Айта кетейік, Сотим Улугзаде атындағы Тәжікстан халықаралық шет тілдер университетімен 2025 жылы академиялық ұтқырлық бойынша меморандумға қол қойылып, шетелдік 4 студент Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алуда.