Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты 9-10 сынып оқушылары арасында химия, биология және географиядан дәстүрлі Республикалық пәндік олимпиадасын өткізді.
Зияткерлік сайыстың басты мақсаты – мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін ашу, жаратылыстану ғылымдарына деген танымдық қызығушылығын арттыру және болашақ жас ғалымдар мен дарынды ізбасарларды анықтап, оларға қолдау көрсету.
Қатысушылар теориялық білімдерін саралап қана қоймай, күрделі тапсырмаларды шешудегі логикалық ойлау қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен салтанатты түрде марапатталды.
Олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алған әрбір оқушының ғылыми жетекшілеріне кәсіби шеберлігі мен педагогикалық еңбегі үшін арнайы Алғыс хаттар табысталды.
