Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Филология институты Қазақ тілі білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қазақ тілі – өміршең тіл» Филологтар форумы өтті.
Форумның мақсаты – қазіргі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мен жай-күйін студенттер арасында талқылау, болашақ филолог мамандардың ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру және мемлекеттік тілдің заманауи ғылымдағы рөлін дәріптеу.
Іс-шараны институт директоры, профессор Сатбекова Айгүл Амантаевна алғысөзбен ашып, форумның тіл мамандары үшін маңызын атап өтті.
Форум барысында 3 курс студенттер тақырып төңірегінде зерттеулерін ортаға салып, баяндама жасады. Сондай-ақ форумға Қырғыз Республикасы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты.
Аталған шара профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты Ғазиза Бейсенбекқызы Шойбекованың идеясының негізінде жүзеге асты.
