Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада ұйымдастырды.
Білім додасының мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зияткерлік жарыс екі кезең бойынша өтті:
- І кезең: Теориялық білімді тексеруге бағытталған кешенді тестілеу.
- ІІ кезең: Қатысушылардың пәндік дайындық деңгейі, коммуникативтік дағдылары, логикасы және өз ойын дәлелді түрде жеткізе білу қабілеті сарапталған ауызша тур.
Олимпиада барысында оқушылар жоғары дайындық деңгейін, кең эрудициясын және пәнге деген ерекше қызығушылығын көрсетті. Сарапшылар тобының шешімімен жүлделі орын алған оқушылар:
- I орын – Шарапатова Шұғыла Әбішқызы, Бәтихан Атыханұлы атындағы №36 гимназияның оныншы сынып оқушысы;
- II орын – Исакжанова Самина Махмутжановна, Әл-Фараби атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебінің оныншы сынып оқушысы;
- III орын – Садыкова Алина Жумабаевна, Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның он бірінші сынып оқушысы.
