Менталды денсаулықты дамыту орталығында «Эмоционалдық интеллект – болашақ педагог тұлғасын қалыптастырудың негізі» жобасы аясында мазмұнды кездесу өтті.

Шараға коуч-психолог Сара Мусина мен 3-курс студенті Перизат Серікболова спикер ретінде қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ мамандардың эмоционалдық интеллектісін дамыту, оның кәсіби педагогикалық қызметтегі рөлін айқындау және тұлғалық өсуіне қолдау көрсету.

Жиын барысында қатысушылар эмоционалды тұрақтылықты сақтау мен стресске төзімділікті арттыру бойынша нақты практикалық ұсынымдар алды.

Басқосуда тек психологиялық аспектілер ғана емес, сонымен қатар болашақ педагогтер үшін маңызды болып табылатын бірнеше стратегиялық бағыттар қарастырылды:

  • Құқықтық тәртіп және студенттердің өз құқықтары туралы хабардарлығы;
  • Қоғам мен мәдениеттегі жас маманның орны;
  • Заманауи білім беру ортасының талаптары.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасып, қатысушылар мен спикерлер арасында белсенді пікір алмасу болды.