Бішкек қаласында И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті базасында Ланчжоу университеті (Қытай Халық Республикасы) ұйымдастыруымен «Жаһандық даму бастамасы және Орталық Азияны жаңғырту» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.

Аталған іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің академиялық ұтқырлық жөніндегі менеджері Алмабекова Әсел қатысты.

Конференция аясында Әсел Мұратханқызы баяндама жасап, сондай-ақ И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімі қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мәселелері талқыланып, алдағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

Конференцияның маңызды сәттерінің бірі – «Қазіргі Орталық Азия: өңірлік динамика және халықаралық өлшем» тақырыбындағы монографияның таныстырылымы болды. Аталған жинақта Ланчжоу университетінің ғылыми қызметкері Ван Чжао, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Джакубаева Салтанат Төлеуқызы және Алмабекова Әсел Мұратханқызының бірлескен ғылыми мақаласы жарияланды.

Мұндай халықаралық іс-шараларға қатысу және бірлескен ғылыми жарияланымдар жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтып, ғылыми және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.