«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанындағы «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша құрылған диссертациялық кеңесте Аманкулова Лайла Абдраймовна «Қазіргі қазақ лирикасындағы ментальділік концепциясы» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Қорғау рәсімі жоғары ғылыми деңгейде өтті. Ізденуші зерттеу жұмысының өзектілігі мен ғылыми-тәжірибелік маңызын негіздеп, қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Ресми рецензенттер диссертацияның ғылыми жаңашылдығы мен практикалық құндылығын жоғары бағалап, елеулі ескертулердің жоқтығын атап өтті.
Ізденуші Аманкулова Лайла Абдраймовнаның ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесші: Бегманова Бибіжан Сейтханқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қауымдастырылған профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Ogut Eker Refia Gulin – Хаджетеппе университетінің профессоры, PhD доктор Түркия Республикасы, Анкара қаласы.
Диссертациялық кеңес жұмысына уақытша мүше ретінде отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Олардың қатарында Түркия Республикасынан PhD профессор Ирагатоглу Айдан, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өкілі, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай Сайлауқызы және SDU университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ордабекова Хафиза Арысбаевна бар.
Ресми рецензенттер: филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Қосымова Гүлбану және филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры Сарбасов Болатхан Серғазыұлы.
