Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсітінде Физика білім беру бағдарламасының  2-курс докторанты, аға оқытушы Нұрай Байтұрсынның ұйымдастыруымен «Физика сабақтарында жасанды интеллект көмегімен қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың икемді дағдыларын дамыту» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты – физика пәнін оқытудағы заманауи тәсілдерді жетілдіру және білім алушылардың икемді дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу жолдары мен проблемалық оқыту әдістері талқыланды. Бұл тәсілдер білім алушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілеттері мен функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Қатысушылар заманауи цифрлық құралдарды қолдану бойынша практикалық тәжірибе алмасты.