Республикалық физика-математика мектебінің базасында жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері мен магистранттары арасында өткен «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының білім алушылары жоғары дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген болашақ педагогтар математика, физика, информатика және бастауыш оқыту әдістемесі пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды.

 Олимпиада қорытындысы бойынша университетіміздің студенттері үздік деп танылды:

  • Наралы Жарқын Ілиясқызы – «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, І орын;
  • Рақатова Әсем Жәнібекқызы – «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті, ІІ орын;
  • Тастан Жанерке Айбекқызы – «Математика-информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, ІІ орын;
  • Берік Жанерке Еділқызы – «Математика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, ІІІ орын.