Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым декадасы – 2026» аясында Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Математика каферасының ұйымдастыруымен «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі: бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» XIV Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысы пленарлық отырыспен басталып, онда білім беру саласының жетекші ғалымдары мен сарапшылары мазмұнды баяндамалар жасады. Қатысушылар қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің рөліне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды.

Ғылыми шараға алыс және жақын шетелдерден, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан 180-ге жуық мақала қабылданды:
- Түркия, Анкара қаласы – Гази университеті
- Қарақалпақстан Республикасы – Педагогикалық шеберлік орталығы, Инновациялық технологиялар университеті
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
- Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент)
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Қазақстан-Ресей медициналық университеті
- Қазақ спорт және туризм академиясы
- Алматы қаласындағы №200 мектеп-гимназия, №154 ЖББМ, Сарыбұлақ мектебі
- Қызылорда облысындағы №75 орта мектеп
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
- Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті;
- Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
- М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті; Алматы технологиялық университеті;
- Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылды:
- І секция – Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық әдістер мен цифрлық трансформация
- ІІ секция – Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісіндегі жасанды интеллект: озық әдістер мен цифрлық өзгерістер
- ІІІ секция – Пәнаралық және STEM білім берудегі жасанды интеллект: заманауи әдістер мен цифрлық өзгерістер

Конференция жұмысы секциялар аясында жалғасып, зерттеушілер білім берудегі жасанды интеллект технологияларын қолданудың ғылыми негіздерін жан-жақты талқылады. Пікір алмасу барысында озық тәжірибелер ұсынылып, саланы жетілдірудің нақты жолдары көрсетілді.
Нәтижесінде, бұл конференция педагогикалық қауымдастық үшін маңызды ғылыми алаңға айналып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа идеялар мен стратегиялық ұсыныстардың қалыптасуына негіз болды.
