АЛМАТЫ. 2 наурыз. Баспасөз орталығы – «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің кезекті нөмірінің арнайы беттері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне арналды.

Оқырман назарына оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабековтің «Жоғары білім сапасын арттыру – басты міндет», Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанованың «Бәсекеге қабілетті білім ордасы», Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асанның «Қоғаммен жүйелі байланыс орнату – уақыт талабы» атты мақалалары берілген. Сонымен қатар басылымда университет студенттерінің ғылым мен спорттағы жетістіктері де жарияланып отыр.

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің жаңа нөмірін мына жерден жүктей аласыз.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com