Хореография және арт-менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы PhD докторлары Құсанова Әнипа Ерланқызы мен Бәкірова Самал Әбілпатташқызы ағымдағы жылдың 20 сәуірден бастап Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясында ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – хореография және мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім беру үдерісіне заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды енгізу.

Тағылымдама барысында оқытушылар академия Ректоры Ш.М. Тохтасимовпен кездесіп, шығармашылық жобалар мен студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлықты дамыту жолдары айқындалды.

Академия басшылығымен өткен кездесуде бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл бастама екі оқу орны арасындағы білім мен ғылым саласындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге және өзара тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, оқытушылар практикалық сабақтар мен концерттік бағдарламаларға қатысып, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты.
