И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде өткен “ICT EXPO 2026: Information and Communication Technologies” халықаралық студенттік көрмесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.
Шараның мақсаты – студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық идеяларын қолдау.
Биылғы көрмеге Қазақстан мен Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орындарынан, атап айтқанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тұран университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті және Халықаралық инженерлік-техникалық университетінен барлығы 112 жоба ұсынылды.
Осындай жоғары бәсекелестік жағдайында көрменің «Робототехника және автоматтандырылған жүйелер» секциясы бойынша сынға түскен “AqylTech: IoT негізіндегі интеллектуалды жүйе” жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
«Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Динара Булкунбек пен 2-курс студенті Дариға Сейдулла топтық жұмыста үздік нәтиже көрсетіп, көрме жеңімпаздары атанды.
Жас зерттеушілердің жеңісіне Информатика кафедрасының аға оқытушысы Жұлдыз Базаева ғылыми жетекшілік етті.
