Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жеңіске жетті. 

Интеллектуалды жарыстың мақсаты – болашақ мамандардың теориялық білімін практикалық тұрғыда шыңдау, кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және өзара тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыра отырып, дарынды жастарды қолдау.

«Физика», «Биология мұғалімдерін даярлау» және «Түркітану» білім беру бағдарламалары бойынша өткен олимпиадаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан келген үздік студенттер қатысып, білім деңгейлерін сарапқа салды.

Аталған додада «Физика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Мұрат Лина, Сейтжанқызы Ұлдана және Кеңесбек Ақбота топтық есепте айқын басымдық көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.Сонымен қатар, жекелей сын бойынша жоғары ұпай жинаған Кеңесбек Ақбота І орын иегері атанып, олимпиада жеңімпазы болды.

Студенттердің бұл жетістігіне жетекшілік еткен физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент  Коштыбаев Талғат пен жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Әбділлә Мағжанның кәсіби дайындығы мен қажырлы еңбегі өз септігін тигізді.