Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында профессор-оқытушылар құрамына арналған «Оқытушылық және зерттеу қызметінде генеративті жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курстың мақсаты – генеративті жасанды интеллект құралдарын жоғары білім беру жүйесінде тиімді қолдану, оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметіндегі заманауи цифрлық тәсілдерді меңгеру.
Курсты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының оқытушылары жүргізді:
Тазабекова Парасат Қадырқұлқызы – Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика кафедрасының аға оқытушысы;
Базарбаева Айнұр Маратқызы – Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы.
Аталған курс аясында жалпы саны 150 профессор-оқытушы біліктілігін арттырып, генеративті жасанды интеллект технологияларын кәсіби қызметте қолдану бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.
Қатысушылар курс мазмұнының өзектілігін, практикалық бағыттылығын және білім беру мен ғылым саласындағы қолданбалы маңызын жоғары бағалады.
