13-15 сәуір аралығында QyzPU ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес, Министрліктің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлының ұйымдастыруымен өткен «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесіне қатысты.
Көрменің негізгі мақсаты – талапкерлерге Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктері, заманауи білім беру бағдарламалары, мамандық таңдау және болашақ кәсіби бағытты айқындау бойынша жан-жақты ақпарат беру.

Университет өкілдері Алматы, Қаскелең, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында мыңдаған мектеп бітірушілермен және олардың ата-аналарымен жүздесті. Көрме барысында талапкерлерге педагогика, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану, IT және шығармашылық бағыттар бойынша білім беру бағдарламалары таныстырылды. Университет мамандары қабылдау ережелері, мемлекеттік гранттар, оқу форматы, халықаралық бағдарламалар мен студенттік өмір туралы толық мәлімет берді. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен мансаптық даму мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.

Келушілер үшін арнайы интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, ақпараттық буклеттер мен жарнамалық материалдар таратылды. Әрбір талапкер университет өкілдерімен жеке кездесу мүмкіндігіне ие болып, мамандық таңдауға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алды.
QyzPU-дың «Study in Kazakhstan» республикалық көрмесіне қатысуы кәсіби бағдар беру жұмыстарын кеңейтуге, талапкерлермен байланысты нығайтуға, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламаларын республикалық деңгейде кеңінен танытуға зор мүмкіндік берді.
