Баку Еуразия университетінде өткен ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиум іс – шарасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир университеті арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ашылған  Технопарк кеңсесінде келісім шарт жасалынды.

Келісім шарттың мақсаты – стартап-жобаларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Хакатон өткізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Жоғарыда аталған мақсаттар шеңберінде тараптар келесі бағыттар бойынша төмендегідей бағыттар жүзеге асырылады.

                                                  

Университет тарапынан қойылатын міндеттер:

  • Бағдарламаға қатысу үшін студенттік стартаптарды ұсыну;
  • Акселерациялық бағдарламаны жүргізу процесін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Студенттердің Хакатонға қатысуы үшін қажетті ресурстар мен қолдау көрсету.

Технопарктің міндеттері:

  • Студенттік стартаптардың жобаларына сараптама жүргізу;
  • Бағдарламаға қатысушыларға менторлық қолдау мен консультацияларды қамтамасыз ету;
  • Студенттер үшін Хакатон өткізуді ұйымдастырушылық қолдау.