Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті магистратура бойынша білім алуға шақырады!
2024 - 2025 оқу жылына магистрлерді квота бойынша даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша М001 Педагогика және психология білім беру бағдарламасы тобына 30 грант бөлінді.
М001 Педагогика және психология бойынша 4 білім беру бағдарламасы бар:
|
БББ коды және атауы |
|
|
7М01101 |
Педагогика және психология |
|
7М01102 |
Педагогикалық өлшемдер |
|
7М01103 |
Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық IP |
|
7М01104 |
Білім берудегі зерттеулер IP |
КТ өткізіледі: 20 шілдеден 10 тамызға дейін.
Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүргізіледі.
Оқуға түсу үшін шекті балл: ғылыми-педагогикалық магистратураға грантқа және ақылы бөлімге – 75 балл.
Сіздерді Гоголь көшесі 114 мекен-жайы бойынша асыға күтеміз.
80 жылдық тарихы бар Қазақ аруларының қара шаңырағында білім алуға асығыңыз!