Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын аяқтаған тыңдаушыларға меңгерген пәндері көрсетілген сертификаттар табысталды. 2023-2024 оқу жылы бағдарламаны 30 тыңдаушы төмендегі мамандықтар бойынша аяқтады:

  • «6В01504 – Физика»
  • «6В01506 – Информатика»
  • «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын тілі)
  •  «6В01509 – Биология»

Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар оқи алады.

Тыңдаушылар оқу бағдарламасы бойынша  9 ай бойы білім алды. Оның 4 айы теория, 5 айы практика. Бағдарлама педагогикалық дағдылардың интенсивті тәжірибесі мен мамандар қажеттілігіне бағытталған.

Қайта даярлау бағдарламасын сәтті аяқтаған барша тыңдаушыларды құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына табыстар тілейміз!