Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы бойынша 270 млн. теңгеге жуық сомаға ғылымның 2 басым бағыты бойынша 3 гранттық жоба жеңіп алды.
- «Өмір және денсаулық туралы ғылым» бағыты бойынша - 1 жоба
- Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» - 2 жоба
Біздің жеңімпаздар:
- Калекешов Аскар Маралович «Мектеп оқушыларының психо-физиологиялық денсаулығы мен үлгерім деңгейіне әкімшілік уақыт пен әлеуметтік фактор әсерін салыстырмалы түрде зерттеу»
- Бапаева Мариям Курмангалиевна «Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде»
- Агранович Елена Николаевна «Қазақстанда «Педагог» жаңа кәсіби стандартының іске асырылуын зерттеу және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін оның мазмұнын нақтылау»
Ғалымдарымызды осы тамаша жетістіктерімен құттықтай отырып, ғылыми қызметте табыс тілейміз!