ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БАСТЫ МАҚСАТ

Өнер және менеджмент институты, Музыка кафедрасының ұйымдастыруымен бітіруші түлектерді  жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге   №  185 гимназия директоры Егеубай Алдоңғар,  Назарбаев интелектуалды мектебінің   педагогика ғылымының  магистрі   Ажгереева  Қаламқас, №167 жалпы білім беретін мектептің орынбасарлары және музыка пәні мұғалімі  Омарова Салиха қатысты.

Кездесу кезінде студенттерге мектеп жайлы мол мағлұматтар беріліп, студенттер толғандырған сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтар студенттердің оқуына табыс және болашақта жұмысқа орналасуына тілек білдіріп, келешектегі кәсіптік қызметтегі білімдері мен дағдыларын жетілдіруге тілек білдіріп және өз мектептеріне жұмысқа тұруға шақырды.