Қазан айының 15 күні Астана қаласында «Қазақстанның құрметті профессоры» атты республикалық байқау өтті.

Тәуелсіз еліміздің дамуына қызмет етіп жүрген аға буын өкілдерін өскелең ұрпаққа үлгі ету  мақсатында өткен байқауды  «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарынан келген профессорлық-оқытушылық құрамы  бақ сынады.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, информатика   кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мекебаев Нұрбапа Отанович қатысып,  «Қазақстанның құрметті профессоры» атты І дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ арнайы тағайындалған төсбелгі табысталды.