Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география факультетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орын студенттері арасында  «География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының XVI Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - «География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал ету. Сондай-ақ жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру.

Жарысқа Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, География кафедрасының  4 курс  студенті Мұхтарова Айжан, 2 курс студенті Жолдасбай Айдана қатысты. Командаға География кафедрасының аға оқытушысы Киясова Лаззат Шомуқызы жетекшілік етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, География кафедрасының 4 курс  студенті Мұхтарова Айжан жеке есепте ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

Студенттерге олимпиадаға қатысқандары үшін сертификаттар беріліп, команда жетекшісі Киясова Лаззат Шомуқызына Алғыс хат табысталды.

Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!