5 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде PR&Media Producer, «Аrtgala.kz» платформасының негізін қалаушы Бақбергенова Диана Бақытбергенқызымен мотивациялық кездесу өтті.

Кездесу «Әйелдің көшбасшылығы: өз өмірінде қалай көшбасшы болу және тепе-теңдікке жету» тақырыбы аясында өрбіді.

Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға жеке басының потенциалын ашуға көмектесу, уақыттарын тиімді пайдалануды үйрету және жетістікке жетуге бағыт-бағдар беру.

Іс-шара аясында көшбасшылыққа жетелейтін негізгі қасиеттер туралы айтылып, өз-өзіңді  басқарудың маңызы жайлы  сөз қозғалды.

Шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Сонымен қатар  Диана Бақытбергенқызына берген ақыл-кеңесі мен пайдалы мотивациясы  үшін өз алғыстарын жеткізді.