АЛМАТЫ. 30 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жеке үлгідегі алғашқы докторантура дипломдары берілді.

Дипломдарды оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков Жаратылыстану институтының «6D011300 – Биология» мамандығының докторанты Эльзира Қырбасоваға, «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының докторанты Жаңагүл Саметоваға және «6D020500 – Филология» мамандығының докторанты Айгүл Мурзиноваға табыстады.

Айта кетейік, ғылыми жұмыстар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңестерде қорғалған.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com