Университет білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өткенін қуанышпен хабарлайды!

20 желтоқсан күні Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Аккредитациялық Кеңесінің шешімімен 5 магистратура білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелді: «Педагогика және психология», «Информатика», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Көркем еңбек, графика және жобалау», «Химия».

Мамандандырылған аккредитация QyzPU білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін, магистранттарға озық білім мен практикалық дағдылар беретінін растайды.

Бұл аккредитация QyzPU-дың білім беру саласындағы орнын нығайтып, білім беру бағдарламаларының беделін арттырады және оларды қазақстандық және шетелдік талапкерлер үшін тартымды етеді.

Аккредитация процесіне белсенді қатысқан барлық құрылымдық бөлімшелерге, профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге, жұмыс берушілер мен түлектерге үлкен алғысымызды білдіреміз.

Баршаларыңызды осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз және университеттің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды айтамыз!