АЛМАТЫ. 31 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институтының докторанты Мөлдір Телбаева «6D060600 – Химия» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін иелену үшін орындаған диссертациялық жұмысын табысты қорғады.

Жас ғалымның ғылыми жұмысының тақырыбы – «Көмірсутекті шикізаттан экологиялық таза энергия тасымалдаушы сутегіні каталитикалық жолмен синтездеу».

Қорғау барысында «6D060600 – Химия» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес мүшелері М. Телбаеваның зерттеу жұмысының өзектілігін, ғылыми жаңашылдығын, теориялық және тәжірибелік маңыздылығын жоғары деп бағалады.

Айта кетейік, ғылыми жұмыс Қыздар университетінде орындалды. Ізденушінің ғылыми кеңесшілері – аталған оқу орнының Химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ерғазиева және Ресей ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы Зинфер Исмагилов.

Құттықтаймыз!

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com